Азия пара ойындары: Қоржынымыз тағы медальдармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия пара ойындары: Қоржынымыз тағы медальдармен толықты

24.10.2023

Қытайда өтіп жатқан Азия пара ойындарында қоржынымыз тағы медальдармен толықты. Пара пауэр-лифингтен Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанды. Ол 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуден жерлесіміз Роман Потапов та қола жүлдегер атанды. Ол мәре сызығын Индонезия және Ираннан келген спортшылардан кейін үшінші болып кесті.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу