Елдос Сметов пен Нұрдәулет Жұмағалиға пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдос Сметов пен Нұрдәулет Жұмағалиға пәтер берілді

26.01.2022

Әлемдік спорт додасында топ жарып жүрген Елдос Сметов пен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Нұрдәулет Жұмағалиға пәтер берілді. Нұрдәулет Жұмағали - Паралимпиада ойындарында жүзуден жүлде алған тұңғыш қазақ. 22 жасында Токиода өткен әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. Ел намысын қорғап жүрген 2 спортшыға Тараз қаласының 15-шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Қажет жиһаз демеушілердің қолдауымен қамтамасыз етілмек.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жамбылдық жампоздарға сәттілік тілеп, алдағы бәсекелерде жеңіспен оралуларына ниеттес екенін білдірді.


Хабарламаларға жазылу