Үкімет шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз ету керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз ету керек

01.09.2021

Әкімдер ықпалды адамдардың ығына жығылады. Жайылымдық жерлер қалталыларға өтіп кеткен. Ал, шаруалар малын жая алмай, қалай жан бағарын білмей жүр. Осылай деген Президент қысқа мерзімде Үкіметке шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз етуге қатысты заң жобасын дайындауды тапсырды. Жалпы аграрлық салада проблема аз емес. Мемлекет бөлетін қолдау қаржы да ауылдағы ағайынға жетпей жатады. Соңғы 5 жылда субсидиялауға бөлінген 2 трлн теңге талан-таражға түсті.

Берік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Келешекте де мемлекет тарапынан осындай қаражаттар бөлінеді. Бірақ, оның тиімділігі, оның шаруаларға жетуі сол жағына Президенттің айтқаны қатаң қадағалау мәселесін қолжетімді болу мәселесін шешу.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ауылшаруашылығын субсидиялау, өкінішке қарай бұл салада бір жағынан жемқорлық та, бір жағынан бюджеттен бөлінетін ақша диқандарға кейбір кезде жетпейді де.  Малмен айналысатын кәсіпкерлер болсын, бидаймен айналысатын кәсіпкерлер болсын олар үлкен проблемалар көріп жатыр. Субсидия тарапынан ерекше назар аударуымыз қажет.
Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ауылшаруашылығы саласындағы жайылым мәселесі. Қаншамадан бері белгілі тұлғалардың мыңдаған гектар жерді иемдену арқылы үлкен проблема туғызғанын ашық айтты. Сол салаға нақты тапсырма берді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу