Құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету керек - Қ.Сұлтанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз ету керек - Қ.Сұлтанов

16.11.2018

Қылмыстық істердің ашықтығын қамтамасыз ету мен бұл жұмысты одан әрі жетілдіру. Бұл мәселелер халықаралық криминологиялық форумда айтылды. Шараға алыс-жақын шетелден келген осы сала мамандары қатысты. Онда құқық қорғау органдарының ашықтығын қамтамасыз етудегі Қазақстан тәжірибесі талқыланды. Сондай-ақ, жиналғандар қылмыстық процестерді жүргізуді жетілдіру тақырыбын көтерді. Онда сот отырыстарын электронды форматқа көшіру мен қылмыс жүргізудің «е-қылмыс» порталының мүмкіндіктері таныстырылды. 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ең басты шараның бірі - ашықтықты қамтамасыз ету. Бұған қоғамдық ұйымдар мейлінше атсалысуы керек. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу