Теміртаулық 86 дәрігер баспаналы болды
Теміртау қаласында медицина саласында жұмыс істейтін 86 жас маман баспаналы болды. Бұрынғы жатақхана ғимараты қызметтік пәтерлер ретінде қайта жөнделген. Жаңа реңкке енген баспаналар біржола қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техникамен жабдықталды. Жыл соңына дейін өңір бойынша 170 медицина қызметкеріне пәтер кілттері табысталмақ. Өткен жылы да 250 жас маман тұрғын үймен қамтылды. Алма Оразгелді – жаңа баспанаға ие болғандардың бірі. Қарағанды медицина университетінің түлегі бүгінде - Теміртау қалалық емханасының қызметкері.
Алма Оразгелдіқызы, терапевт:
2020 жылы 4-ші қалалық емханаға келіп орналастым. Ол жақта жақсы қарсы алып, енді міне үй беріліп жатыр. Медицина саласының дамуына үлес қоса беремін. Жеке баспанамның барына қуаныштымын. Алда отбасы құру жоспарым бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14