«Модерна» вакцинасынан қара бөлшектер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Модерна» вакцинасынан қара бөлшектер табылды

01.09.2021

Жапонияда «Модерна» вакцинасынан қара бөлшектер табылды. Олар Канагава префектурасында анықталған. Осы күнге дейін бұл екпе 3790 адамға салынып үлгерген. Енді жергілікті үкімет бұл препаратты егуді уақытша тоқтатуға мәжбүр.

Айта кетсек, Жапония қазір вакциналау науқанын баяу жүргізді деп сынға ұшырап жатыр. Оның тұрғындарының 40 пайызы ғана екпенің екі дозасын алған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу