«Модерна» компаниясы Жапониядан 1,6 млн доза вакцинаны кері қайтарып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Модерна» компаниясы Жапониядан 1,6 млн доза вакцинаны кері қайтарып жатыр

02.09.2021

АҚШ-тың «Модерна» фармацевтикалық компаниясы Жапониядан 1 миллион 600 мыңдай доза вакцинаны кері қайтарып жатыр. Себебі, бұл екпенің құрамынан қара түсті бөлшектер табылғаны расталған.

Флакондарға тот баспайтын болаттың сынықтары Испаниядағы зауытта түскен. Бұл проблема анықталғанға дейін Жапонияда «Модерна» вакцинасын жарты миллиондай адам қабылдап үлгеріпті. Дегенмен, жергілікті денсаулық сақтау министрлігі табылған бөлшектердің денсаулыққа қауіпті екеніне сенбейтінін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу