Түркияда Ыстанбұл мэрін қайта сайлауда оппозициялық кандидат Экрем Имамоғлы тағы да жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Ыстанбұл мэрін қайта сайлауда оппозициялық кандидат Экрем Имамоғлы тағы да жеңіске жетті

24.06.2019

Осылайша, елдің ең ірі қаласы президент Реджеп Тайып Ердоған қарсыластарының қолына өтті. Бюллетендердің 98 пайызы саналып бітті. Оның нәтижесі бойынша, Имамоғлы 55 пайызға жуық дауыс жинаған. 49 жастағы оппозиционердің жақтастары қазір үлкен жеңісті мерекелеп жатыр.

 

Наурызда өткен мунициалдық сайлауда да осы үміткер басым түскен еді. Алайда, елдің орталық сайлау комиссиясы заңсыздықтарға жол берілді деп, ол қорытындыны жойды. Айта кетсек, 17 миллион тұрғыны бар Ыстанбұл – елдің қаржылық, экономикалық және мәдени орталығы. Биліктегі Әділет және даму партиясының өкілі Бинали Йылдырымды қолдағандар – 45 пайыздан сәл асады. Ол түрік үкіметін 2016-2018 жылдары басқарды. Және де дәл осы Йылдырым премьер болған кезде Түркия президенттік республикаға айналды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу