Ерлікпен қаза тапқандардың наградасы туыстарына табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлікпен қаза тапқандардың наградасы туыстарына табысталды

31.08.2021

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде жанқиярлық ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілердің марапаты туыстарына табысталды. Мемлекет басшысының қаулысымен І дәрежелі «Айбын» ордені Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің жедел кезекшісі Александр Микропулоға берілді. Сонымен бірге Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Елдос Сандыбаев, Арнұр Темірболатов және Тәңірберген Төребеков III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Ал «Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары болған марқұм Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу