Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

31.08.2021

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл туралы жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Айта кетейік Жамбылдағы оқыс оқиғадан кейін Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екендігі жөнінде айтқан. Ол еліміздің қорғаныс ведомствасын 2018 жылдың тамыз айынан бері басқарып келген.

Ал Қорғаныс министрі лауазымына Мұрат Бектанов тағайындалды. 56 жастағы генерал лейтенант бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болған. Және Қазақстан республикасы Қарулы Күштері Бас штабын басқарған.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу