Солтүстік Қазақстанда сібір жарасының ошағы тіркелді
Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны күйдіргі ауруына шалдықты.Науқастың қауіпті дертті қара малдан жұқтырғаны белгілі болды. Сібір жарасының ошағы тіркелген Ақжар ауданындағы Горьковское елді мекенінде карантиндік шаралар енгізілуде. Сырқатпен қарым-қатынаста болған 57 адам дәрігерлер бақылауына алынды. Олар екі апта бойы күн сайын клиникалық тексеруден өтеді. Топырақ пен судан сынама алынып сараптамаға жіберілді. Әзірге нәтижесі белгісіз.
Толқын Кәженова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:ПТР әдісімен зерттеу кезінде күйдіркі ауруының қоздырғышының ДНК-сы анықталған. Ол кісі жеке шаруашылық серіктестерінің бірінде қара мал сою кезінде қолында ешқандай да қорғаныс резеңке қолғаптары болмаған. Сол кезде жұқтырып алған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14