Алматыда таудан шыққан өрт жақын маңдағы жанармай бекетіне қауіп төндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда таудан шыққан өрт жақын маңдағы жанармай бекетіне қауіп төндірді

27.08.2021

Алматыда таудан шыққан өрт жақын маңдағы жанармай бекетіне қауіп төндірді. Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Куәгерлердің сөзінше тілсіз жау тез күш алып, жанармай бекетіне жақындай түскен. Қураған ағаштар мен құрғақ өсімдіктердің жалыны қаланың әр бұрышынан байқалды. Абырой болғанда өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу