Елбасы Роберт Флойдты қабылдады
Елбасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы басшысы Роберт Флойдты қабылдады. Жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, табыс тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның антиядролық бағыттағы күш-жігерін жоғары бағалағаны үшін ризашылық білдірді. Кездесуде тараптар халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы қазіргі жағдай туралы пікір алысты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы:
29 тамызда Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойғаныма отыз жыл толады. Содан бері біз ядролық қаруға қарсы талмай күрес жүргізіп келеміз. Қазақстан ядролық сынақтардың ауыртпалығын басынан өткерген ел: мемлекетімізде бес жүзден астам жарылыс болып, көп адам зардап шекті. Біз полигонды жабумен қатар, көлемі жағынан дүние жүзіндегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарттық. Мен биыл Ресей мен АҚШ арасындағы Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту және шектеу жөніндегі келісімнің ұзартылғанына қуаныштымын. Осы жылы Ядролық қаруға тыйым салу шарты күшіне енді. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қойып, ратификациялаған елдердің қатары артып келеді. Бұл жұмыс жалғасын табады деп үміттенемін.
Роберт Флойд, Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысы:
Сіз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты жүзеге асыруға ерекше ықпал еттіңіз. Сіздің қосқан үлесіңіз зор, оның әсері де мол, Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісіне зор үлес қосқан көрнекті тұлғамен кездесу мүмкіндігіне ие болғаным үшін қуаныштымын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45