Жарылыстан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр
Жарылыстан соң эвакуациялық орталықтарды паналаған тұрғындарға жан-жақтан көмек көрсетілуде. Үйлерін тастап шыққан жұрт 10 мектеп пен 5 колледждің жатақханасына орналастырылды. Зардап шеккен жандарға қала тұрғындары азық- түлік пен өзге де қажетті заттарды жеткізіп беруде.
Тараздағы политехникалық колледжге кеше кешкі 8-ден, түнгі 2-ге дейін 69 адам орналастырылды. Қиындыққа тап болған қарашаға іле қала тұрғындары көмекке келіп, қолындағы барымен бөлісті.
Дәурен Үмбетов, қала тұрғыны:Халыққа кішкене болсада бір өзіміздің үлесімізді қосып, кішкене бір көмегіміз тисе деген мақсатта. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді қазақта. Сол себепті көп түкірсе көл дейді ғой. Бүкіл қазақ болып осындай қиын қыстау кезеңде бір бірімізге демеу болып, сол мақсатта келіп отырмыз.
Дәурен Дәулетбаев, қала тұрғыны:Осындай қиын кезде бір-бірімізге ауызбіршілік танытып көсектеспесек, басқа ешкім көмектеспейді. Ең бастысы бірге болу керек.
Уақытша мекенді паналаған азаматтарға дәрігерлер күні бойы көмек көрсетіп, денсаулықтарын бақылады. Қазір қордағы азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Жарылыстың салдарынан жолдарынан қалған пойыз жолаушыларына да дер кезінде көмек берілді. Арыс станциясында бірнеше сағат бойы аялдап қалған Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойыздың 600-ге тарта жолаушысына және Қызылорда-Көкшетау бағытындағы пойызға мінген 457 адамға ыстық тамақ берілді. Шымкент қаласына жеткісі келген жолаушылар үшін жергілікті кәсіпкерлер тарапынан арнайы көліктер ұйымдастырылды. Ерікті жастар Түлкібас станциясында да түскі ас таратты.
Шерхан Абзалұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14