Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жас жігіт үш ауылдасына оқ жаудырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жас жігіт үш ауылдасына оқ жаудырған

30.07.2019

Оқиға таңғы 4 жарымдар шамасында болған. Салдарынан жәбірленушілердің бірі ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде, тәртіп сақшалары күдіктіні қолға түсірді. Аудан тұрғыны өз кінәсін мойындап, кейін жасырып қойған аңшы мылтығын полицейлерге тапсырған. Аталған іс бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды

Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Және де күдіктінің тығып қойған жерінен Шалқар қаласындағы стадион ауласына, 16 колибрлі шолақ мылтықты тығып қойған. Қазіргі таңда осы дерек бойынша ҚР 99 бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Жақсыбек КЕМАЛ

 


 

Хабарламаларға жазылу