Ақтөбе облысында 5 адамды көлік қақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 5 адамды көлік қақты

28.08.2014
Ақтөбе облысында 5 адамды көлік қақты

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында көлік апаты тіркелді. Тойдан шыққан 5 жігітті 20 жастағы жерлестері  «ВАЗ-21 015» көлігімен басып өткен.

Екі адам оқиға орнында қаза тапты. Біреуі жеңіл жарақаттанып, тағы екі жігіт санитарлық авиациямен  облыс орталығына жеткізілді.

Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу