Алматыда көкөніс дүкенінде ер адам оқ атты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көкөніс дүкенінде ер адам оқ атты

13.02.2024

Алматыдағы көкөніс дүкендерінің бірінде белгісіз біреу оқ жаудырған. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ер адам дүкенге кіріп, оқ ата бастағанын көруге болады. Үш адам оны сабырға шақырған. Тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталып, уақытша қамауға алынғанын мәлімдеді. Құзырлылар бұл оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болғанын айтты. Полиция департаменті «бұзақылық» дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс келесі күні тергеу басқармасының шешімімен «кісі өлтіруге оқталу» санатына ауыстырылғанын хабарлады. Сондай-ақ заттай айғақтардың алынғанын атап өтті.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу