Ақтаудағы су тұщыту зауыты келер жылы іске қосылады
Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауыты келер жылдың наурыз айында жаңартылып, іске қосылады. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстарының 30 пайызы аяқталып тұр. Өңірге іссапармен барған Мәжіліс депутаттары зауыт жұмысымен танысты. Қызметкерлермен кездесіп, республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілу барысын талқылады. Мекеменің қуаттылығын арттыру жобасы толық аяқталса, зауыт тәулігіне 40 000 текше метр су өңдейтін болады. Қазір зауыт тәулігіне 23 мың текше метр суды тазартады. Тіршілік нәрінің 80 пайызы Мұнайлы, Құрық ауданы, Приозерный мен Приморский елді-мекендеріне беріледі. 20 пайызы теңіз жағасындағы мекемелерге жіберіледі. Жалпы, зауыт суын 200 мың адам тұтынып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20