Маңғыстау облысындағы курорттық аймақ газбен қамтылады
Маңғыстауда ұзындығы 60 шақырымдық жоғары қысымды жер асты газ құбыры іске қосылды. Ол Құрық ауылы мен «Сарша» жерін және Ақтаудағы «жылы жағажай» курорттық аймағын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Бұл кәсіпкерлік нысандардың дамып, өңір экономикасының өрлеуіне ықпал етпек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жобаны QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілес ұйымы - «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы жүзеге асырды. Жаңа магистральді газ құбыры Құрық портының нысандарын, Қызылқұм жеріндегі агроаймақты, Ақтау курорттық аумағын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Жағажайда енді салынатын қонақ үйлер мен ойын-сауық орталықтары да осы газдың игілігін көрмек. Сонда «Жылы жағажайдағы» демалыс орындарының өзі сағатына шамамен 20 мың текше метр газ тұтынатын болады.
Ақбар Төлегенов, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
QazaqGaz өз есебінен Маңғыстау облысында 260 млрд теңгеден асатын сомаға бірнеше инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Құрық ауылынан бастап Сарша мен «Жылы жағажай» аумағына дейін жүргізілген газ құбыры көптеген нысанды газдандыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуы мен туристік әлеуетінің гүлденуіне сеп болады.
Магистральды газ желісі су тапшылығын шешуге де ықпал етпек. Мәселен, келешекте жағажайда су тұщыту зауыты салынады. Кәсіпорын сағатына 21 мың текше метр газ тұтынып, 50 текше метрге дейін тіршілік нәрін өндіреді деп жоспарланған.
Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры:
13 инфрақұрылымдық жоба бар елімізде. Соның бірі осы. 2021 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы тапсырма берген еді. Сол тапсырма бойынша осы жылы жағажайда газ құбыры салынып, бұл енді елдімекендерге, ауылшаруашылығы, орта және шағын бизнеске тиімті, тың серпін береді.
Газбен қамту арқылы аймақта ауылшаруашылығы саласын дамыту көзделген. Мәселен, Қарақия мен Мұнайлы аудандарындағы шаруа қожалықтары көгілдір отынға жарымай келген еді. Енді оларға қосымша сағатына 36 мың текше метрден аса газ беріледі.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09