Қызылордада 2019 жылы тампонажды цемент зауыты іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 2019 жылы тампонажды цемент зауыты іске қосылады

06.12.2017

Кәсіпорынның жылдық қуаты - 1 миллион тонна. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы негізінде жүзеге асырылып жатқан жоба былтыр қолға алынды. Мердігер компания жергілікті жерден 200 адамды жұмысқа қабылдап, 100 жұмысшыны Қытайға оқуға жібермек. Тағы 100 адам колледждерде оқып, мамандық алып шығады. Тампонажды цемент құрылыс, мұнай-газ және уран өндірісінде кеңінен қолданылады. Дайын өнімнің 70 пайызы ішкі нарықты қамтыса, қалған бөлігі ТМД, Қытай және Орталық Азияға экспортталады.  

Гүлнара Тұрлыханова, «Шиелі цемент кәсіпорыны» ЖШС құрылтайшысы:

- Осы жобаны іске асыру үшін көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Мемлекет тарапынан көптеген қолдау беріліп жатыр. Жобаның маңызы - шикізатты өндіріп, өз елімізде қолдану және экспортқа шығару.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу