Өскеменде есірткі саудасымен айналысқан әйелдер ұсталды
Өскеменде полицейлер есірткі дилерлері қызметін атқарған екі әйелді қолға түсірді. Арнайы операция кезінде қызылжарлық екі тұрғын тәртіп сақшыларының назарына іліккен. 18 және 25 жастағы азаматшалар есірткі саудасын «Телеграм» мессенджері көмегімен жүзеге асырып келген.
«Жылдамдық» және «меф» деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан қыз-келіншектер қалада маусым айынан бері пәтер жалдап тұрған. Екеудің бірі 8 және 6 жастағы балаларды өсіріп отырған жалғызбасты ана. Ал екінші күдікті - оның әпкесі. Үйлерін тінту кезінде тәркіленген есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 11 млн теңгеден асады.
Нариман Күлдіков, ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
Тәркіленген тыйым салынған синтетикалық есірткі жалпы салмағы шамаммен 700 граммды құрады. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296 және 297 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның санкциясы 15-жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07