Қазақстандағы ауған студенттері еліне қайтудан бас тартып отыр
Қарағандыда құрылыс мамандығы бойынша білім алған ауған жастары еліне оралудан бас тартып отыр. Қыркүйекте кетуі тиіс болған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 12 түлегі Қазақстанда қалу мерзімін ұзартуды сұрайды. Екі ел арасындағы үкіметаралық келісім аясында студенттерге біздің елден білім гранттары берілген. Оларға стипендия төленіп, жатақханадан бөлме де тиген. Қазір олардың күнкөріске ақшасы жоқ. Туыстары да жібере алмайды. Өйткені Талибан билігі барлық шоттарды бұғаттап тастаған. Жастар амалсыз табылған жұмысты істеп, табыс тауып жүр. Университет басшылығы әзірге жатақханада қалдыруға уәде берді. Бірақ басты мәселе-виза,-дейді ауғанстандық жастар.
Абдулқахар Расули, Ауғанстан азаматы:
Бес жыл бұрын университетке оқуға түсуге келдім. Қазір оқу аяқталды. Бірақ сіздер жағдайдың қандай екенін білесіздер. Мен Отаныма не де болса қайта алмаймын. Өйткені ол жақтағы жағдайды білесіздер соғыс болып жатыр. Қазақстан елшілігіне жүгінеміз.Көмектеседі ма деп.
Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған шетелдік студенттер 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасының аумағында болуға құқылы. Қазіргі уақытта оларды шығару туралы мәселе жоқ. Қазір бұл азаматтардың Қазақстан Республикасында болуы туралы сұрақтар шешілуде.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09