«Славян базары-2021» халықаралық ән байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова туып-өскен қаласы Талдықорғанға келді. Өнерпазды өңір басшысы Амандық Баталов қабылдап, сый-сияпат көрсетті. Әнші өз жоспарларымен бөлісіп, қолдау көрсеткен жерлестеріне шексіз алғысын білдірді. Толығырақ өңірдегі тілшіміздің бейнематериалында.
Сахна төрінде тұрғанда қазақстандықтардың қолдауын іштей сездім. Ата-ана, ұстаздарымның бәрінің үмітін ақтағым келді, дейді облыс әкімімен кездескен Рухия Байдүкенова. Өңір басшысы «біз де тақымымызды қысып, жанкүйер болдық. Сеніміміз ақталып, гран при иегері атандың, бұл соңғы жеңісің емес, сондықтан еңбектене бер», деп сенім білдірді. Жас әнші байқауда алған мүсінді Алматы облысына тарту етті.
Рухия Байдүкенова, «Славян базары-2021» байқауының жеңімпазы:Тамақ ішуден бастап, психологияға дейін жұмыс. Өнер деген осындай. Көптеген қиындықтарға қарамай, соның бәріне, сынақтарға қарамай, төзіп білу осындай үлкен жеңістерге әкеледі.
Талдықорғандық кәсіпкерлер кездесуден кейін талантты қызға тосын сый жасады. Су жаңа автокөлік кілтін табыс етті. Ал әншіні баптаған, биіктен көрінуге үлес қосқан ұстаздарына қаржылай сыйақы тағайындады.
Серікжамал Әжібекова, композитор:Мысалы, бізде екі сағат қой жетісіне дайындалатын. Ол жетісіне алты рет келеді ғой. 6 рет алты сағат дайындалады. Ал қай уақытта уақыт табасың десем, табам дейді. Сондықтан бұл бала өзі де кішкентай күнінен өзіне мақсат қойып, осындай жетістікке жетем деп, өзін дайындаған, шыңдаған бала.
Жас әншінің мақсаты биік. Арманы асқақ. Жоспары да ауқымды. Қуантатыны, қай жерде жүрсем де, қандай сахнаға шықсам да Қазақстанымның көк байрағын биіктен желбірткім келеді, дейді талант иесі.
Қуаныш Қанатұлы