Зачаган кентінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді
Орал қаласы Зачаган кентінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Жаңа ғимарат салынып, Әлия Молдағұлова атындағы 38 мектеп-лицейі осында көшті. Округтегі үш ауысыммен оқытатын басқа мектептің балалары да осы білім ордасына ауысты. Биыл барлығы 2 мыңға тарта бала жаңа ғимаратта білім алмақ. Мұнда 49 оқу кабинеті, соның ішінде смарт, робототехника, өнер кабинеті, 20 орындық электронды кітапхана, 2 шеберхана, көрермен залы, асхана бар. Іштегі спорт залынан бөлек мектеп айналасында спорт алаңдары салынған. Білім шаңырағы жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауға дайын.
Шынар Сағынғалиева, Ә.Молдағұлова атындағы 38 мектеп-лицейінің директоры:Зачаган кентінде үш ауысымды мектептерді жою мақсатында салынған болатын. Соның ішінде инновациялық білім ордасын ашу бағытында мектеп-лицейді осында көшіріп алып келді. Мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймедағы орнатылған, 50 видеокамера бар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14