Атыраудағы кәріз суын тазалайтын станция қараша айында іске қосылады
Атыраудағы кәріз суын тазалайтын станция қараша айында пайдалануға берілмек. Бұған дейін облыс орталығы үшін кәріз суын тазалайтын қондырғының болмауы үлкен проблемаға айналып келген еді. Жаңа нысан құрылысымен өңірге арнайы барған Мәжіліс депутаты Сәлімжан Нақпаев танысты. Тәулігіне 70 мың текше метр кәріз суын тазалайтын стансаға 9,9 млрд теңгеден аса қаржы қаралған. Бұл жерде шайынды су 3 қайтара сүзгіден өтіп, зарарсыздандырылып, қаланың техникалық қажеттілігі үшін пайдаланылады.
Сәлімжан Нақпаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Біз қазір станцияның жобасымен танысып шықтық. Үлкен заманауи жоба. Құрылысышылармен сөйлестік амандық болса, осы жылдың қараша айында түгелдей тапсырылмақ екен. Қазірдің өзінде бұл станция қаланың солтүстік бетіндегі (халықтан) шығып жатқан ақаба суларды қабылдап жатыр. Енді зауыттан шыққан суды да қабылдайтын болады.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14