Пандемиядан зардап шеккен бірқатар салалар қаржылай көмек алды
Пандемиядан зардап шеккен бірқатар салалар қаржылай көмек алды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сай кәсіпкерлерге шағын несиелеу мен несиелерді қайта қаржыландыру бойынша қолдау көрсетілді. Еске салайық, өткен жылы 500, алдыңғы жылы мыңнан астам кәсіпорын жұмысын тоқтатқан. Ал, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, курьерлік қызмет көрсету салаларында, керісінше, өсім байқалады. Алдағы уақытта бизнеске қатысты талаптар біртіндеп қысқартылады. Алайда, қазіргі таңда індеттің өршуінен шектеу көрген кәсіпкерлерге қатысты қандай да бір нақты шаралар қарастырылмаған.
Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:Кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа түрлері бүгінгі таңда бар деп айта алмаймыз. Қазір мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Қосымша қолдау шараларын қосуға біз әзір дайын емеспіз. Алайда, қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жаңа шаралар қолға алынып, іске асырылады деген ойдамыз.
Ламбриан Топузидис
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14