Өзбекәлі Жәнібековке ескерткіш орнату ұсынылды
Белгілі этнограф, тарихшы-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің құрметіне ескерткіш орнатылып, атына көше берілуі тиіс. Өскелең ұрпақ үшін мемориалды мұражай ашу да - ғибратты дүние. Мұндай ұсыныстар мемлекет және қоғам қайраткерінің 90 жылдығына арналған конференция кезінде айтылды. Алматыда өткен жиынға мәдениет, ғылым, білім саласының танымал қайраткерлері қатысты. Өзбекәлі Жәнібеков бар саналы ғұмырын ұлттық мәдениеттің дамуына арнады. "Халқымыздың әдет-ғұрып, салт- дәстүрін паш ететін құнды еңбектерін дәріптеуіміз қажет",- дейді ғалымдар. Шара аясында Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қызметіне арналған көрме де ұсынылды .
Базарбай Алтаев, мәдениет саласының ардагері:
Көптеген біздің тарихи-мәдени ескерткіштерімізді түлетіп,қайтадан жаңғыртып,қайта оралды. Алдағы кезеңде Өзағаның кім екенін,қандай еңбегі сіңгенін елімізге, халқымызға соны жастардың алдында өнеге ету жөнінде жұмыстар ары қарай күшейе түседі деген ойдамын.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07