Қазақстан мен Өзбекстан дамудың жаңа кезеңінде тұр
Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп фармацевтикалық өндірісті қолға алмақ. Бұл туралы Өзбекстанның елдегі Төтенше және Өкілетті елшісі мәлімдеді. Оның сөзінше, коронавирус өршіп тұрған сәтте мемлекеттер бір-біріне демеу болды. Гуманитарлық көмек көрсетті, пандемиямен бірлесе күресудің жолдарын қарастырды. Осы бағаттағы жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Соның айғағы ретінде екі ел аумағында фармацевтикалық кәсіпорын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Тек, денсаулық саласы бойынша ғана емес, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттар да қарқын алып келеді,-деді Саидикрам Ниязходжаев.
Саидикрам Ниязходжаев, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Қазақстан мен Өзбекстан дамудың жаңа кезеңінде тұр. Мәңгілік достық шартына қол қойған мемлекеттер арасында тату көршілік, өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған. Жыл өткен сайын байланыс беки түсуде. Мәселен Қазақстан-Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында 1,9 млрдты құрады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4,3 пайызға артық. Бұл өте жоғары көрсеткіш.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14