Алматы облысындағы суы шипалы «Рай көлі» қараусыз жатыр
Алматы облысында суының құрамы Израильдегі Өлі теңізге ұқсас «Рай көлі» бар. Талдықорғаннан небәрі 170 шақырым жерде орналасқан. Су айдынының емдік қасиеті де мол. Алайда көл маңында ешқандай инфрақұрылым жоқ. Халық жабайы түрде келіп демалып, тері және буын ауруларына ем алып қайтады. Айдынның «Рай көлі» деп аталуының да өзіндік сыры бар
Бұл көлге түскен адам суға мүлдем батпайды деп естуші едік. Ал қазір өзіміздің де көзіміз жетіп отыр. Расымен де, суға түскен адам су бетіне қалқып шыға келеді. Себебі көлдің құрамында тұз өте көп.
Матай ауылының тұрғыны Молшылық Әлікенов бір жылдан бері көлге адам тасиды. Денедегі экзема, псориаз, қышыма сияқты түрлі жараға, буындардың қақсағанына емі барын білген халық жан-жақтан келетінін айтады.
Молшылық Әлікенов Матай ауылының тұрғыны:Жамбыл облысынан келген кісілер бар. Шымкенттен келдік дейді. Семейден келген кісілер жатты. Осы жерде отырып әңгімелесеміз. Буынмен ауырдым. Осылай да буыным жақсы болып қалды. Сол бұл жердің қасиеті, тұзының қасиеті.
Рай көлі Матай ауылынан 60 шақырым жерде. Жолдың жарты бөлігі асфальт, жартысы құмдауыт. Жай көлік өте алмайды. Ал көл басында демалушыларға ешқандай жағдай жасалмаған. Әжетхана, қоқыс төгетін контейнерлер мүлдем жоқ. Ал инфрақұрылымды реттеуге ауылдың да, ауданның да шамасы жетпейді.
Серік Қыдырбеков, Матай ауылдық округінің бас маманы:Бұған облыс, республикалық бюджет арқылы қаржы бөліп жасауға болады деп өз басым ойлаймын. Ал енді біз өз тарапымыздан күзде, көктемде біз осы жерді жинап кетеміз.
Бұл көлдің тағы бір қасиеті су түбіндегі батпақ шілденің шіліңгір ыстығында қатты қызады. Дәл сол кезде адам қарасы көбейетін көрінеді. Сондай-ақ айдында түрлі микроорганизмдер бар. Ал әкімдіктегілер судың құрамы әлі толық зерттелмегенін айтады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26