Ақтөбеде электр энергиясын тарататын мекеменің жұмысшылары айлық өсіруді талап етті
Ақтөбеде электр энергиясын тарататын мекеменің жұмысшылары айлықтарының аз екенін айтып шағымданды. Мәселен, мұндағы көлік жүргізушілері мен үй-үйді аралап жүретін қызметкерлердің айлық табысы 50-60 мың теңге көлемінде ғана.Бүгін олар кәсіпорын басшыларына нақты талап қойды. Айтуларынша, бұрын беріліп келген он үшінші айлық пен емдеуге берілетін қаржыдан да қағылған. Тіпті, артық жүктеме үшін де ақы алмаймыз дейді.
Ал, кәсіпорын басшыларының айтуынша жалақы соңғы рет былтыр өскен. Дегенмен, қызметкерлердің бүгінгі талабы ескерусіз қалмайды.Бүгін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына әкімдік өкілдері, кәсіпорын басшыларынан бөлек жұмысшылар да енді. Қазір мекемеде барлығы 1500 адам еңбек етеді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06