Батыс Қазакстанда 200 гектар аумақты өрт шалды
Батыс Қазакстанда соңғы үш күнде 200 гектар аумақты өрт шалды.Тек соңғы тәулікте Орал қаласын қоршай төрт бірдей жерде өрт болып, тоғай мен қураған шөп отқа орнады. Ардақ Мұратқызы тарқатсын.
Өрт түнгі сағат 10-ға таман басталып, екі сағаттай қала сыртындағы құрғақ шөп жанды. Ауданы 8 гектар. Өрік апайдың үйі өрт аумағынан 150 метр жерде ғана. Түнімен көз ілмепті.
Өрік Бердіғалиева. қала тұрғыны:Кешкі сағат 10-да басталды. Басталған бойда хабарладық. 20 минуттай кідіріп келді. Келіп болмай, 103-ке де хабарладық, 101-ге де хабарладық. Анаған айтсақ, мынаған хабарла дейді. Қорықтық енді үй өртеніп кете ме деп. Түнде ұйықтай алмадым.
Ал желіде тараған мына суреттегі құлынды бие қызыл жалынға үйі тиіп тұрған тұрғынның малы. Абырой болғанда, мал-жан тілсіз жаудан аман қалды.
Талап Асанұлы, қала тұрғыны:Сыртта жүрдім, ана биені ана жерге арқандап қойғам. Өрт бері қарай шаба бастағасын, биені мына жерге әкеліп байладым. Қорқынышты енді қып-қызыл боп жанып жатты. Үлкен кісілер тұрды, жастар барныша көмектесті.
Соңғы тәулікте қалада бірнеше жерде өрт болды. Осы Сарытау шағынауданымен қоса, қала маңындағы Асан ауылы, Екінші саяжай аумағы, Романтика турбазасы отқа оранды. Аптап ыстық пен аңызақ жел де өртті өршітіп жіберді.
Мереке Жұмағалиев, облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:Себебі қазір анықталуда. Мұндай жағдайлардың 90 пайызында адам факторы болады. Сөндірілмеген темекі немесе сіріңке болуы мүмкін. Ана жерден жол өтеді. Содан болуы да мүмкін.
Өрт тек қалада емес, Бәйтерек, Теректі аудандарында өршіп тұр. Жыл басынан бері жалпы табиғи өрттің 29 дерегі тіркеліп, 3 жарым мыңнан астам га жерді жалын шарпыған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09