Павлодар облысында 11 айлық сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанына 10 тәуліктен асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 11 айлық сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанына 10 тәуліктен асты

20.08.2021

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 11 айлық сәбидің жансақтау бөлімінде жатқанына 10 тәуліктен асты. Аймақ бойынша 180 бала, оның 57-і стационарда ем қабылдауда. Негізі өңірде аурудың таралуы қарқын алып барады. Соңғы тәулікте 351 адамның дертке шалдыққаны мәлім болды. Ал, тұрғындар екпе салдыруға асығар емес. Бүгінгі күні вакцинаның 1-ші компоненті тұрғындардың 56 пайызына ғана егілген. Екінші компонентін алғандар саны әзірге тек 45 пайыз.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы: 
Жалпы, бүгінгі күні стационарлық емдеуде 1559 адам ем қабылдап жатыр. Төсек-орындардың жүктемесіне тоқталатын болсақ, 47,7 пайызды құрап отыр. Ал, реанимациялық бөлімде 111 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Соның ішінде 24 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 38,9 пайызды құрап отыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу