Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина салдырды

16.06.2021

Алматыда вакциналау көрсеткіші артты. Соңғы тәулікте 6 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Вакцина алған қала тұрғындарының жалпы саны 350 мыңнан асты. Олардың 10 пайызы 60 жастан асқандар, дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы. Дегенмен, мамандар екпе алғаш басталған кездегідей кезек жоқ екенін айтып, тұрғындарды белсенділік танытуға шақырып отыр. Себебі, қазір қаладағы вакциналау пункттерінен бөлек, көшпелі бригадалар жұмыс істеп тұр. Жалпы шаһардағы эпид-ахуал тұрақталып келеді. Соңғы тәулікте 112 адам коронавирусқа шалдықты. Қазір Covid жұқтырғандардың 10 пайызы жансақтау бөлімінде және олардың 12-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу