Қостанай облысында адасып кеткен бақташы аман табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында адасып кеткен бақташы аман табылды

17.01.2024

Қостанай облысында адасып кеткен бақташы, үш тәуліктен соң аман табылды. Ол 13 қаңтар күні Арқалық қаласының жанындағы Фурманов ауылынан жоғалған жылқыны іздеп шыққан. Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен бірге еріктілер, ауыл тұрғындары, жергілікті шаруашылық жұмысшылары да қатысты. Квадрокоптер, тікұшақ пайдаланылды. Екі күн бұрын бақташының мінген аты табылған. Бақташыны тауып алған учаскелік полиция инспекторы оны Арқалық қалалық ауруханасына жеткізді. Қазір денесін үсік шалған бақташы жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр деп отыр. 

Дауренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу