Әнуарбек Бимағамбет «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнуарбек Бимағамбет «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

20.08.2021
Әнуарбек Бимағамбет «MAŃǴYSTAÝ» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма басшылығының шешімімен Әнуарбек Қосымұлы Бимағамбет «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Әнуарбек Бимағамбет 1980 жылы Маңғыстау облысында туған. Телевизия саласында 25 жылға жуық тәжірибесі бар. Әр жылдары «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында, «Хабар» агенттігінде журналист, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған. 2017-2018 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болды.


Бұған дейін телеарнаны басқарған Бекзат Жүсіп ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу