Төрегелді Шарманов есімі әлем жұртшылығына кеңінен танымал. Ол – Қазақстанның ғана емес, дүниежүзі медицинасының жаңа белеске көтерілуіне атсалысқан жан. Оның тікелей ұйытқы болуымен денсаулық саласында бірізділікке негізделген ортақ жүйе қалыптасты. Әріптесім Қуан Нұрақын әйгілі академикпен тілдесіп қайтты.
Төрегелді Шарманов есімі әлем мойындаған «Алматы» декларациясымен қатар аталады. 1978 жылы Алматы қаласында жүздеген елдің медицина саласының мамандары мен дәрігерлер қатысқан халықаралық конференция өтті. Осы жиында ол баяндама жасап, дәрігерлік көмек жүйесін жетілдіру, дамыту сынды өзекті мәселелерді көтерді.
Сол кезде қазақ ғалымының ұсыныстарын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоғары бағалайды. Осылайша отандықт медицина жаңа белеске шықты дейді, академиктің шәкірттері.
Төлебай Рақыпбеков, Т.Шармановтың шәкірті:Алматының атынан мұқым Қазақстанды дүниежүзіне паш еткен Төрегелді Шарманов. Йод жетіспеушілігі деген бар ғой. Соған қосқан үлесі. Мысалы, йод жетіспеушілігенен миы жетіспейтін балалар туады. Қазақстанға соны енгізді.
Төрегелді Шарманов жеке басының ғана емес, ұлт денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Талай тың жобаны қолға алып, нәтижелі іске асырды. Мәселен, бие сүтінен түрлі өнімдер шығарып, жұртшылыққа ұсынды. Жылқы еті мен биі сүтін дәріптеп жүрген академик әлемде теңдесі жоқ шоколад дайындап шығарды.
Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик:Арманым қазағымның дәуірі, дүниетанымы ешкімнен кем емес алдыңғы қатарда тұруы керек. Ешбір мемлекеттен кем емеспіз деген ұғым. Қазақ екеніме мақтанамын. Қазағымның өркениетінің жоғары болуына өзімше жасап жатқан үлесім.
Тоқсаннан асқан ақсақал нағыз сегіз қырлы бір, сырлы азамат. Бос уақытында жұртқа пайдасы тиер жұмыспен айналысқанды ұнатады. Сонымен қатар белгілі тұлғалармен тұрақты сұхбат та жүргізіп жүр. Мұның барлығы - ғалымның өзі айтқандай ел дамуына қосқан сүбелі үлесі.
Қуан Нұрақын