Батыс Қазақстанда пандемия кезінде еңбек дауы артты
Батыс Қазақстанда пандемия кезінде еңбек даулары артқан. Биылдың өзінде кәсіподақ орталығына 800-ден астам шағым түскен. Көмек сұрағандардың дені мемлекеттік мекеме қызметкерлері. Карантинде қашықтан жұмыс істеу, жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу, толық емес жұмыс уақытын енгізу, тіпті жұмысты мүлде тоқтату сияқты шешімдер қабылданды. Мәселен, онлайн оқытуға көшкен мұғалімдерде жалақы мәселесі туындады. "Бастауыш сынып педагогтары мамандығына сай емес" деп еңбекақы төленбеген. Салалық кәсіподақтың көмегімен өңір мұғалімдеріне 10 млн теңге қаражат жалақы түрінде қайтарылып берілді.
Айгүл Есекенова, облыстық кәсіподақтар орталығының жетекшісі:Қашықтағы жұмыс туралы, медицина саласындағы қызметкерлердің өмірін сақтандыру жөнінде, үйде қашықтан жұмыс жасағанда жалақы қалай төленеді, еңбек демалысына қалай кетеді, т.б. көп сұрақ туындады. Көбі үкімет шешімімен, республикалық кәсіподақ федерациясының араласуымен шешілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14