Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасымен кездесті
Өте мазмұнды әрі табысты келіссөздер! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездескенде, екі ел үкімет басшылары өткізген келіссөздер қорытындысын осылай деп бағалады. Және болашақта экономикалық байланыстарды арттырудың маңыздылығына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Кеше Сіздер өте мазмұнды, табысты келіссөздер жүргіздіңіздер. Екі мемлекеттің сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылдың қарқынды дамығанын атап өткім келеді. Және де байланыстардың беки түсетініне мүмкіндік беретін маңызды келісімдерге қол қоюға дайындық жүріп жатыр. Пандемияға байланысты туындап отырған барлық қиындықтарға қарамастан, екі ел арасындағы сауда өткен 5 айдың ішінде 26 пайызға артты.
Жүздесуде пандемияға қарсы күрес және бірлесіп вакцина шығару жайы талқыланды. Сондай-ақ, тараптар аймақтар арасындағы байланыстардың оң қарқыны туралы пікір алмасты. Бұл қатынастарға күзде Көкшетауда мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін кезекті Аймақаралық ынтымақтастық форумы тың серпін бермек. Кездесу соңында, Ресей премьер-министрі қазақ басшысына қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Президент Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.
Михаил Мишустин, РФ премьер-министрі:Біз бауырлас Қазақстанмен арадағы достық, әріптестік және одақтастық қатынастарымызды жоғары бағалаймыз. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз жақсы дамып келеді. Осы жылдың басында-ақ, өзара тауар айналымы үш есеге артты. Инвестициялық бағытта да өзара табысты жұмыс істеп жатырмыз. Ресей бизнесі Қазақстанның 32 ірі жобасына қатысуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45