Шығыс Қазақстанда жаңадан салынған үйдің қабырғасы қақырап кетті
Шығыс Қазақстанда жаңадан салынған үйдің қабырғасы қақырап кетті. 5 қабатты баспана пайдалануға жарты жыл бұрын ғана берілген. Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтады. 6 ай бұрын ғана қолданысқа берілген көпқабатты үйде 50 отбасы тұрады. Үйдің қабырғасы қақырап, іргетасы сөгілгелі бері тұрғындардан береке қашқан.
Аяулым Жиенбекова, тұрғын:
Мына сияқты жарылып тұрған үйде өзіміз таңертеңнен кешке дейін жұмыста боламыз бала-шағамды жалғыз қалдырып кеткенге өте қорқынышты болып тұр.
Тұрғындардың көбі пәтерлерін мелекеттік бағдарлама арқылы алған. Қазір әрқайсысы айына 60 мыңнан 90 мың теңгеге дейін несие төлейді.
Үйді салған мердігер компанияның басшылығы болса, қабырғаның жарылып кету себебін анықтау үшін сараптама жасау керек дегеннен әрі асып ештеңе айта алмады.
Ал үйді қабылдап алған қалалық құрылыс бөліміндегілер мәселені шешу үшін үш жақты комиссия құрылатынын алға тартты. Оған тапсырыс беруші, мердігер компания және пәтер иелері кірмек.
Мерей Әкімжанов, құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта бір көзден көрініп тұр ақау үйдің қоршау құрылымында екені. Бірақ ары қарай толық нұсқасын арнайы құрылғысы бар техникалық сараптама жасалғаннан кейін толығымен біле аламыз. Ақау үйдің тірек құрылымынан кетті ме кетпеді ме деген шешім тек эксперттік организациялар шешім шығарады.
Қаладағы бұл көшеде тап осы мердігер салған тағы екі үй бар. Көпшіліктің айтуынша, көрші үй тұрғындарының да шағымдары көп.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14