Өткен тәулікте 7 337 адам індетке шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 7 337 адам індетке шалдықты

19.08.2021

Елдегі эпидахуал әлі де күрделі күйде қалып тұр. Бүгінде 16 өңір қауіптің қызыл деңгейінде екенін көруге болады. Тек Түркістан облысы ғана бірер күннен бері "жасыл" аймаққа жайғасқан.

Өткен тәулікте 7 337 адам індетке шалдықты. Вирустық белгілері бар пневмония 421 адамнан анықталды. Бір күнде 18 науқас қайтыс болды. 6 666 емделуші жазылып шықты. Сондай ақ пневмония жұқтырған 153 адам дертінен айықты. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 200 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу