Елдегі эпидахуал әлі де күрделі күйде қалып тұр. Бүгінде 16 өңір қауіптің қызыл деңгейінде екенін көруге болады. Тек Түркістан облысы ғана бірер күннен бері «жасыл» аймаққа жайғасқан.
Өткен тәулікте 7 034 адам індетке шалдықты. Ал вирустық белгілері бар пневмония 563 адамнан анықталды. Бір күнде 19 науқас қайтыс болды. Пневмония жұқтырған 221 адам жазылып шықты. Індетке қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 6 млн 183 мыңнан асты.