Бюджеттік мекеме қызметкерлері халық санағына тартылмайды
Бюджеттік мекеме қызметкерлері күздегі халық санағына тартылмайды. Бірақ, азамат жүктелген қызметінен бос болса немесе еңбек демалысында жүрсе науқанға қатысып, еңбекақы алуға құқылы. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы мәлімдеді. Еске салсақ, халық санағына 32 мыңнан астам адам тартылады. Әрқайсысына орта есеппен 109 мың теңге еңбекақы тағайындалады. Қыркүйек, қазанда өтетін санақ екі тәсілмен жүргізіледі. Біріншісі sanaq.gov.kz сайтында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асады. Екінші тәсіл – дәстүрлі үй-үйді аралау. Науқанда ақпарат қауіпсіздігі назарда болады.
Нұрболат Айдапкелов, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы:Әр азамат туралы жиналған ақпарат біздің базаға түскен кезде, яғни планшетке немесе сайтқа түскен кезде арнайы кодтар арқылы шифрландырылады. Және қорғалған каналдар арқылы біздің орталық серверге келіп түсетін болады.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09