Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа төрт вакцина әзірленіп жатыр
Ресейде коронавирусқа қарсы тағы төрт вакцина әзірленіп жатыр. Қазір іргелес елде Covid-19- ға қарсы иммунитет қалыптастыра алатын үш екпе тіркелген. Бізбен байланысқа Мәскеуден Индира Бегайдар шыққалы тұр.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресейде келесі жылдың көктеміне дейін тағы төрт вакцина тіркелуі тиіс. Олар мутацияға ұшыраған вирустарға, әсіресе «делтьа» және «делтьа плюс» штамдарына қарсы тұра алады деген болжам бар. Яғни вирустың басты белгілерін ескере отырып жасалады. Ал бүгінгі күні Санкт-Петербург қаласында кеселге қарсы айран түріндегі вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. Оны тек егде жастағылар мен балаларға беру жоспарланып отыр. Айран түріндегі вакцинаны қолдану тәртібі де өзгеше. Алғашқы 3 күн 200 грамнан, кейн 21 күннен соң қабылдау қажет болмақ.
Бүгінгі күні көрше елде 37 млн адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды. Эпидахуал тұрақтала бастаған соң Ресей тағы үш елмен шекараны ашты, ол Оңтүстік Корея, Чехия және Доминикана. Қазақстандық студенттер де Ресейдегі оқуын дәстүрлі форматта жалғастыра алады. Олардан бұрынғыдай вакцина салғаны туралы сертификат талап етілмейді. Тек Ресейге келердің алдында үш күн ішінде вирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР тест тапсыруы тиіс. Нәтижесін Ковидсіз саяхат қосымшасына жүктеуі міндетті.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09