Басты Жаңалықтар Ауыл тұрғындары да бюджеттің дұрыс жұмсалуын бақылайтын болады

Ауыл тұрғындары да бюджеттің дұрыс жұмсалуын бақылайтын болады

Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасында тұрғындардың да қоғам өміріне белсенді қатысуы айқын көрсетілген. Яғни, жуырда өткен сайлауда ауыл халқы өз әкімдерін сайлап алған соң әрі қарай әкіммен бірге елдімекенді жақсартуға үлесін еркін қоса алады делінген. Мысалы, 2025 жылға дейін бекітілген жобаны кезең-кезеңімен іске асыру аясында бюджет нормалары кеңейтілді. Қаржының қалай жұмсалатынын бақылап отыру ауыл, аудан тұрғындарының құзырына беріледі.

Индира Рыстина, ҚР Президенті жанындағы қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:
Қазіргі кезде көрсеткіштер бойынша енді әр ауылдың бюджеті әртүрлі, бірақ шамамен 13 пайыз шығындарды ауыл өзінің бюджетті есебінен жаба алады. Яғни бұл өте аз. 

2025 жылға дейін осы нормалар кеңейтіліп, шамамен 35 пайыз шығынды ауыл өз есебінен жабуға жеткізетін болады. 

Ламбриан Топузидис

Бөлісу