Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы түгел қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасының төрт адамы қаза тапты. Оқиға «Самара-Шымкент» тас жолында болған.
Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында NissanX-Trail автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан қырғызстандық жүк көлігіне соғылған. Жан түршігерлік апаттың салдарынан жеңіл көліктің 39 жастағы жүргізушісі мен әйелі және 11 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды. Он жастағы қызы мен 5 жастағы баласы аудандық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, кішкентайын да ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Қазір «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қауіпсіздігі ережесін бұзу» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22