БҚО-дағы шалғай ауылдарда спорт алаңдары ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы шалғай ауылдарда спорт алаңдары ел игілігіне берілді

16.08.2021

Батыс Қазақстан облысының бес ауданында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Теректі ауданының Подстепное ауылында ашылған осындай нысан бұқаралық спорттың дамуына сеп болды. Сондай-ақ, шалғай ауылдарда да спорт алаңдары ел игілігіне берілді.

Подстепное ауылында ашылған 160 орындық спорт кешені – ең алдымен, жас өркен үшін үлкен қуаныш. Әр жерде жаттығатын олар енді күрес, гимнастика, баскетбол, футбол залы бар арнайы жерде шынығады. Бұрын ауылда мұндай ғимарат болмаған.

Абылай Құрмашев жаттықтырушы: 
Осыған дейін балалар ауыл арасында, паркте баскетбол ойнап жүрді. Енді осындай ФОК ашылып, кең жерде ойнайтын болып жатырмыз. Ауылға осындай спорт зал салып бергеніне өте қуаныштымыз, өте ризамыз.

Ала шаңды аспанға көтеріп доп қуалайтын қарадомалақтар да жасыл алаңда жаттығатын болды. Приречное және Новопавловка ауылдарында жаңа спорт алаңдары ашылды. Ауыл-ауданаралық жарыс өткізуге де қолайлы орын.

Соңғы жылдары аудан елді мекендерінде спорт, ойын алаңдары, стрит-воркаут, көше тренажері қолданысқа берілді. Жалпы өңірдегі 23 спорт мектебінде 13 мыңнан аса бала спорттың 54 түрімен шұғылданады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу