Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға көтерді. Бұл қазақстандық әуе компанияларының Еуро Одақ елдеріне рейстерді еркін орындауына мүмкіндік береді. Бақылау кезінде азаматтық авиация құрылымының жұмысынан бастап, аэронавигация мен әуе айлақтарының қызмет көрсету сапасына дейін тексерілді. Қазір елдегі екі компания шетелдерге әуе тасымалын іске асырып жүр. Олардың халықаралық ұшу сәйкестігі соңғы төрт жылда 10 пайызға артып отыр.
Питер Гриффитс, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры:Біз әуекомпаниялардың ұшқыштарды жаттықтырудан өткізу жүйесі мен тетіктерін бақылап, басқарудамыз. Оқыту бағдарламадарының көбісі пилоттарды ұшу процесіне даярлайтын симуляторларды пайдаланады. Мысалы, FlyArystan әуекомпаниясы пилоттарын Финляндия мен Ирландияға даярлауға жібереді. КазАэроНавигацияның әуе диспетчерлері қазір Швецияда кәсібилігін шыңдап жүр.
Кейбір әуе компаниялары отандық индустрияның мүмкіндіктерін пайдаланып өз пилоттарын үйретіп жүр. Осы орайда елімізде әуе тасымалын жүргізуге лицензия алу механизмдерін енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Пандемия кезінде отандық ұшқыштарға сұраныстың артқаны байқалады.
Питер Гриффитс, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры:Пандемияның алдында Қазақстанда жалпы 196 шетелдік экипаж қызмет етті. Бірақ эпидахуал кезінде біз олардың барлығын үйлеріне жібердік. Сол кезде әуекомпанияларда бос қалған орындарды біз, әсіресе, қазақстандық пилоттармен толтыруды шештік. Кейбір ресейлік ұшқыштар да шақырылды.
Ламбриан Топузидис