Еңбекке жарамсыз қызметкерге төлемді көбейту мәселесі қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбекке жарамсыз қызметкерге төлемді көбейту мәселесі қаралып жатыр

13.08.2021

Еңбекке жарамсыз қызметкерге төлемді көбейту мәселесі қаралып жатыр. Денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз қызметкерге төлемді көбейту мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлім етті. Бүгінде кеселге шалдығып, 14 күнге оқшауланатын қызметкердің жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтамасы болса, 15 айлық еңбек көрсеткіші мөлшерінде төленуде. Қазір бұл мәселе министрліктің қарауында. Көпбалалы отбасылар да назардан тыс қалмады.

Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1-орынбасары: 
Көпбалалы отбасыларға қатысты да бүкіл әлеуметтік төлемдер сақталады. Шектеулерге байланысты жоғалтқан табысына қарамастан, көпбалалы отбасы ретінде түрлі көмектер алады.

Сондай-ақ биыл наурыздан бастап жұмыс іздеушілер үшін enbek.kz порталы іске қосылды. Арнаулы ресурс бос жұмыс орындарын ғана емес, жұмыс берушілерге де лайықты мамандарды табуға көмектеседі. Қазір порталға 70 мыңнан аса адам тіркелген. Порталда жұмыссыз қалғанына байланысты жәрдемақы алу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Дәулет Арғындықов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы АҚ-ның президенті: 
Бүкіл қызметтер онлайн форматқа көшеді дегенді білдірмейді. Ауыл тұрғындары керекті сауалдарын жұмыспен қамту орталықтарына ғана емес ауылдық округтердің әкімдеріне де жолдай алады. Ал, келесі жылдан бастап интернеті жоқ шалғайдағы елді мекендерге мобильді жылжымалы жұмыспен қамту орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. 

Ламбриан Топузидис 

Хабарламаларға жазылу