ДДСҰ Қазақстанға 1,16 млн доллар көлемінде медициналық көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ Қазақстанға 1,16 млн доллар көлемінде медициналық көмек көрсетті

13.08.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елімізге 1,16 миллион доллар көлемінде медициналық көмек көрсетті. Аталған ұйым денсаулық сақтау мекемелеріне тарату үшін 3,7 миллион дана медициналық маска жеткізген. Медициналық жүкті тасымалдауды Германияның Федералды Денсаулық сақтау министрлігі қаржыландырды. Бұл жүк Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Ал, медициналық маскалар әлеуметтік аз қамтылған және көмекке мұқтаж адамдарға таратылады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу