Түркістан облысында жасырын жолаушы тасымалдаған 36 автобус жүргізушісі жазаланды
Түркістан облысында заңсыз жолаушы тасымалдаушылар қатары толастар емес. Карантин талабына сәйкес қалааралық жолаушы тасымалына тыйым салынған.Бірақ бір ғана Жетісай ауданында 6 автобекеттің уақытша жабылуына қарамастан, автобус пен спринтер жүргізушілері жолаушыларды жасырын тасымалдауға көшкен. Аудан аумағында жүргізілген кезекті рейд кезінде осындай 7 автобус пен қоғамдық көлік тоқтатылды. Қоғамдық көліктерге жолаушылар жартылай емес, толтырып отырғызылған. Карантин енгізілгелі бері 36 автобус жүргізушісіне әкімшілік шара қолданылып, қоғамдық көліктер айыптұрақтарға қойылды.
Бейбарыс Арыслан, Жетісай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:Көбінесе бұл жерде әлеуметтік желіде тапсырыспен алып отыр бұл жерде тұрғындарды. Инстаграм, фейсбук парақшаларынан тапсырыспен жарналалап, солау тұрғындарды тасымалдау қызметімен айналысып жатыр. Заңсыз жолаушыларды тасымалдағаны үшін қазіргі таңда автокөліктер айып тұрағына орналастырылып отыр.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14